Ердоған мен Путин келіссөз жүргізді

0
866

Ердоған Путинге диалогты ілгерілету жөніндегі бастамалардың оң нәтижелері туралы айтқан.


Ердоған мен Путин келіссөз жүргізді

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Түркия президенті әкімшілігі баспасөз басқармасының Twitter желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Мәлімдемеде екі ел көшбасшылары энергетика мәселелерін, Түркия-Ресей қатынастарының жай-күйі мен бағыттарын, сондай-ақ, өңірлік процестерді талқылағаны айтылған. Сонымен қатар, президенттер талқылаған басты тақырыптардың бірі Украинадағы соғыс болған.

Ердоған Путинге диалогты ілгерілету жөніндегі бастамалардың оң нәтижелері туралы айтқан. Ол "астық дәлізі" туралы уағдаластықта, тұтқын алмасуда және Запорожье атом электр станциясының айналасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көрінген.

Сонымен қатар, Ердоған Путинге Түркияда газ хабын құру үшін жол картасын жасаудың нақты қадамдарын мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Түркия басшысы елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі күш-жігерге назар аударды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен халықаралық газ хабын құру туралы келіскен болатын.