Ереуілшілердің банктік шоттары бұғатталды

0
701

​Мұндай шараны қабылдауға болатыны төтенше жағдай туралы заңда жазылған.


Ереуілшілердің банктік шоттары бұғатталды

ERNUR.KZ. Канадалық банктер Оттава қаласында коронавирустық шектеулерге қарсы наразылық білдіргендер мен ереуілді ұйымдастырушылардың банктік шоттарын бұғаттай бастады. Бұл туралы ел премьер-министрінің орынбасары Христя Фреланд мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар жүк көліктері заңсыз блокада жасау үшін қолданылған жүргізушілердің сақтандыру құжаттары жойылатын болды. Фреландтың айтуынша, бұл шаралар төтенше жағдай туралы арнайы заңның ережелеріне негізделген, сондай-ақ "демократияны қорғау" және "бейбітшілік пен тәртіпті қалпына келтіру" үшін қажет.

15 ақпанда Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо қаңтардың аяғынан бері жалғасып келе жатқан коронавирустық шектеулерге қарсы наразылықтарды басу үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын екенін айтты. Ескере кететін жайт, төтенше жағдай туралы заң 1988 жылы қабылданған еді, бірақ осы күнге дейін ол ешқашан іс жүзінде қолданылмады.