Ерлер кеудесін үлкейту үшін жаппай операция жасата бастаған

0
939

Былтыр ер адамдардың төсін ұлғайту бойынша 22 568 операция жасалыпты.


Ерлер кеудесін үлкейту үшін жаппай операция жасата бастаған

ERNUR.KZ. Халықаралық эстетикалық пластикалық хирургия қауымдастығы (ISAPS) зерттеу жүргізіп, былтыр ерлер кеуде қуысының пластикалық хирургиясына жаппай жүгінгенін анықтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Компанияның веб-сайтында эстетикалық және косметикалық процедураларды жаһандық зерттеу нәтижелері туралы айтылады.

Былтыр ер адамдардың төсін ұлғайту бойынша 22 568 операция жасалыпты. Жалпы, бұл әлемдегі барлық ұқсас операциялардың - 1,4 пайызы. Алайда, 2171 ер адам көп ұзамай шешімін өзгертіп, кеуде импланттарын алып тастауды ұйғарған.

Былтыр жалпы 10,1 миллион хирургиялық және 14,4 миллион хирургиялық емес процедура жасалғаны айтылады. Кеуде қуысының кеңеюі, липосакция, қабақтың пластикасы, ринопластика, ішті тарту операциялары ең танымал болды.

Бұған дейін пандемия кезіндегі ең танымал косметикалық хирургия түрі аталған еді.