Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг бір күнде 7 млрд доллардан айырылды

0
888

Бірнеше ірі компания Facebook-те жарнама жариялаудан бас тартты.


Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг бір күнде 7 млрд доллардан айырылды
ERNUR.KZ. Бірнеше ірі компания әлеуметтік желіде жарнама жариялаудан бас тартқаннан кейін миллиардер, Facebook компаниясының негізін қалаған Марк Цукерберг бір күнде 7,2 миллиард доллардан айырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Әлемге танымал Unilever жарнама компаниясы жыл соңына дейін Facebook пен Instagram-да жарнама жасамау туралы шешім қабылдағанын жариялағаннан кейін компания акциясы 8,3 пайызға арзандап кетті. Сонымен қатар Verizon телекоммуникация компаниясы, Hershey кондитерлік өнім шығаратын компания, Coca-Cola компаниясы да әлеуметтік желідегі жарнамадан бас тартты. Олар Facebook-ті АҚШ-тағы наразылық кезінде өшпенділік пен платформадағы дезинформацияны бақылай алмады деп айыптап отыр», - деп жазылған ақпаратта.

Басылымның хабарлауынша, Цукербергтің дәулеті 82,3 миллиард долларға жеткен. Ол қазір әлемдегі ең бай адамдар арасында төртінші орында тұр.