Фармацевтер тез арықтататын жаңа дәрі ойлап тапты

0
919

Жаңа дәрінің сатылымға қашан шығатыны әзірге белгісіз


Фармацевтер тез арықтататын жаңа дәрі ойлап тапты
ERNUR.KZ. Roche фармацевтикалық компания жылдам арықтататын жаңа дәрі ойлап тапты, ол өзгелерінен екі есе тиімділігін көрсетіп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Roche фармацевтикалық компаниясы қазір CT-388 деп аталатын препаратына зерттеу жүргізіп жатыр. Апта сайын инъекция алатын пациенттер бес жарым айдан кейін салмағы шамамен 19%-ға азайғанын байқаған.

Ал осыған дейін тиімді деп есептелген Wegovy және Ozempic препараттары алты айда 10 пайызды ғана көрсеткен.

Roche компаниясының мәліметінше, CT-388 қант диабетімен күресуде де өте тиімді. Зерттеудің соңында 30-дан астам адамның симптомдар жақсарған.

ST-388 инъекциясында белсенді зат тирзепатид бар. Ол бірден екі гормонға әсер етеді әрі аштық сезімін ерекше басады. Дегенмен, экспериментке қатысқан кейбір адамдар жүрек айнуы немесе құсу сияқты жағымсыз жанама әсерлер болғанын айтты.

СT-388 сатылымға қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Зерттеу нәтижелері жарияланғаннан кейін Roche фармацевтикалық компаниясының акцияларының бағасы 4%-ға көтерілді.