Филиппинде пияз валютаға айналды

0
724

Бір пиязды айырбастаған кезде тауарлардың құны 88 песодан (734 теңге) аспауы керек.


Филиппинде пияз валютаға айналды

ERNUR.KZ. Филиппинде пияз тапшы болғандықтан, дүкендерде оны тауарларға айырбастауға болады, деп жазады stan.kz.

Филиппиндік дүкендердің бірі тұтынушыларға пиязды тауарларға айырбастауға мүмкіндік берді. Бір пиязды айырбастаған кезде тауарлардың құны 88 песодан (734 теңге) аспауы керек.

Үш пияздан артық айырбастауға тыйым салынды. Акция бір күнге созылады.

Филиппинде пияз тапшылығы орын алып, бағасы өсті. Өйткені ауа райы нашар болып, соның кесірінен егін бұзылды. Сонымен қатар, инфляцияның өсуі де бағаға әсер етті. Нәтижесінде бір килограмм пияз ет бағасынан асып кетті.