Франция үкіметі тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтті

0
907

Биыл жыл басынан бері күйеуінің қолынан 100 әйел көз жұмған.


Франция үкіметі тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтті

ERNUR.KZ. Францияда үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтіп, бірқатар шараны қолға алатынын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында жапа шегушінің ауруханада шағым түсіру мүмкіндігі, әйелдерді қорғауға арналған электрондық білезік сынды бастамалар бар. Мәселеге қоғам назарын аудару үшін елде жалпыұлттық науқан басталды. Айта кетейік, Францияда тұрмыстық зорлық-зомбылық кеңінен таралған. Бесінші республика бұл мәселе бойынша Еуроодақта алғашқы орынның бірін иеленеді. Биыл жыл басынан бері күйеуінің қолынан 100 әйел көз жұмған.