Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
ERNUR.KZ. Газа аумағында Израильдің соққысынан Al Jazeera телеарнасының екі журналисі қаза тапты. Атыс құрбандары – тілші Исмаил аль-Голь және онымен бірге жұмыс істеген Al Jazeera операторы Рами ар-Рифи, деп жазады inbusiness.kz.
Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленіскеніне де бір жылға таяп қалды.
2023 жылдың 7 қазанында Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының содырлары Газа секторынан Израиль аумағына енгеннен кейін күрт нашарлады. Нәтижесінде шекара маңындағы елді мекен тұрғындары өлтірілді және кепілге алынды. Бұған жауап ретінде Израиль Газаның толық қоршауға алғанын жариялады және Ливан мен Сирияның жекелеген аймақтарына соққы бере бастады. Содан кейін анклавтағы операцияны бастады. Қақтығыс Иордан өзенінің батыс жағалауында да болды.
Өңірде қақтығыс басталғалы бері кемінде 165 журналист қаза тапқан.