Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек қоры азайды

0
236

Әсіресе инсулин мен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қиын.


Еуропа елдерінде дәрі-дәрмек қоры азайды

ERNUR.KZ. Францияда басы аурып, балтыры сыздағандар өзіне қажетті дәрі-дәрмекке қолы жете бермейді, деп жазады baq.kz.

Әсіресе инсулин мен қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қиын. Франция Еуропадағы антибиотиктерді көп тұтынатын төртінші ел. Былтыр ресми дерек бойынша, дәрі-дәрмек тапшылығы туралы 5 мыңға тарта ескерту жарияланған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Қазір дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры түгесілген.

Осыған байланысты Франция ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігі 11 фармацевтикалық компанияға 8 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Жақында қабылданған заңға сәйкес, фарм компаниялардың қорында 4 айға жететін дәрі-дәрмек болуы керек.

Жағдай күрделі. Өйткені біз 2023 жылы дәрі-дәрмек тапшылығының 5000-нан астам тіркелген жағдайларын анықтадық. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға, 2018 жылмен салыстырғанда алты есе көп, - деді Ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігі агенттігінің бас директоры Александр де Вольпийер.

Францияда дәрі өндіретін жаңа зауыт ашылады Сондай-ақ кейінгі айларда Францияда қарапайым парацетамолдың өзі жетіспейді. Осыған байланысты, алдымыздағы жылы Тулуза қаласында парацетомал өндіретін бірінші еуропалық зауыт ашылмақ. Осылай Франция Қытай, Үндістан, АҚШ-қа тәуелді болғысы келмейді.

Өйткені, Аталған препараттың 85 пайызға жуығы осы елдерде өндіріледі. Дәрі-дәрмек тапшылығы Францияда ғана емес, Германияда өткір сезіледі. Әсіресе кейінгі 10 жылда қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы, сондай-ақ көзге тамызатын сұйық дәрілерге сұраныс күрт артқан. Байер атымен танымал неміс фармацевтика өнеркәсібі - дәрі-дәрмек экспорты бойынша әлемде көшбасшы.

Жылына шамамен 130 миллиард АҚШ доллары көлемінде өнім сатады. Әлемдік нарықтағы үлесі 15 пайыз. Осыған қарамастан Германия тұрғындарының 40% - дан астамын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ете алмай отыр. Оған пандемия әсер еткен. Осылайша дәрі-дәрмекке арналған негізгі ингредиенттер Азиядан келгендіктен, Германия қазір Қытай мен Үндістанға тәуелді.

Көтерме бағамен белсенді қоспалар мен өндіріс шығындарының тез өсуі парацетамол сироптары сияқты қарапайым дәрі-дәрмекті өндіруді пайдасыз бизнеске айналдырады. Ешбір компания ұзақ мерзімді перспективада бұған төтеп бере алмайды, - деді фармацевтикалық компанияның бас директоры Андреас Бурхардт.

Мамандардың пайымы бойынша кәрі құрылқта дәрінің жетіспеуіне шикізат пен электроэнергияның қымбаттауы себеп. Сондай-ақ Еуропаның фармацевтикалық компаниялары жұмыс күші арзан болған соң зауыттарын Қытай мен Үндістанға көшірді. Геосаяси ахуал ушыққалы препараттарды Азиядан тасымалдау қиынға соққан.