Германияда мейрамхана иесі кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты

0
651

Бұл әрекетті карантин аяқталғанша күні-түні қайталай береміз, дейді кәсіпкер​.


Германияда мейрамхана иесі кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Германияның Франкфурт қаласындағы мейрамхананың иесі індет кезінде дағдарысқа ұшыраған кәсібіне назар аудартудың тың тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ойыншық пандаларды үстелге отырғызып қойып, қызмет көрсетіп жүр. Мейрамхана жанынан өтіп бара жатқан адамдар бір панданы 150 еуроға сатып алып, кәсіпкерге қиын кезде аздап көмек көрсете алады. Аюды алған адамға арнайы логотипі бар жейде сыйланады және карантин аяқталған соң тегін қызмет көрсетіледі.


- Бұл бір жағынан наразылық белгісі, екінші жағынан қонақтарымызға жасалған сыйлық. Осы әрекетті карантин аяқталғанша күні-түні қайталай береміз, - дейді кәсіпкер Джузеппе Фичер.