Германияда пандемия кезінде миллионерлер саны артты

0
716

Бірінші жартыжылдықта жергілікті тұрғындардың жеке байлығы да молайған.


Германияда пандемия кезінде миллионерлер саны артты

ERNUR.KZ. Германияда 2020 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында байлығы бір миллион доллардан асатын адамдардың қатары көбейді. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Credit Suisse деп аталатын швейцарлық банктің дерегіне сүйенсек, коронавирус пандемиясы кезінде 58 мың адам миллионер атанған. Осы жылдың басында 2,1 миллион миллионер тіркелген еді.

Бірінші жарты жылдықта жергілікті тұрғындардың жеке байлығы да молайған. Орташа есеппен алғанда Германиядағы әр ересек адамның байлығы 1,8%-ға өскен. Банк сарапшылары бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 3,9%-ға дейін көтеріледі деп отыр.

Олардың пікірінше, халықтың осылай баюына індет кезінде қаражаттың әдеттегіге қарағанда аз жұмсалуы себеп болған. Жалпы, бұл елде ауқатты адамдардың саны көп. Тұрғындардың 40%-ының 100 мың доллардан асатын жеке капиталы бар. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 4 есе жоғары.