Германияның ең үлкен әуежайын тышқан электр қуатынсыз қалдырды

0
161

Әуежайда апатқа кеміргіш тышқан себеп болғаны хабарланды – ол үзілген кабельдің жанынан өлі күйінде табылды.


Германияның ең үлкен әуежайын тышқан электр қуатынсыз қалдырды

ERNUR.KZ. Германияның Франкфурт қаласындағы ең үлкен әуежайы кеміргіштің кесірінен кеше түнде жартылай электр қуатынсыз қалды, деп жазады inform.kz.

Оқиға 5 тамыз күні кешке болған. Электр қуатының үзілуінен әуежайдың 1-терминалының аумақтары зақымданған. Бұл секторды негізінен Lufthansa әуе компаниясы пайдаланады.

Электр қуатының үзілуінен бөлек, терминал аумағы жартылай түтінге оранды. Әуежай өкілі төтенше резервтік қуат бірден іске қосылғанын, сондықтан жолаушыларға қауіп төнбегенін мәлімдеді.

Таңертең электр қуаты желісі қалпына келтірілді. Алайда, жолжүкті сұрыптау жүйесіндегі ақауға байланысты Discover Airlines және Lufthansa авиакомпанияларының ұшу кестесі сәл өзгерді.

Әуежайда апатқа кеміргіш тышқан себеп болғаны хабарланды – ол үзілген кабельдің жанынан өлі күйінде табылды.