Ғалымдар әлемдегі ең алып өсімдікті тапты

0
925


Ғалымдар әлемдегі ең алып өсімдікті тапты

ERNUR.KZ. Ол – теңіз түбінде шалғын түзіп өскен балдырлар, деп жазды baq.kz.

Мамандар бұл өсімдікті әлемдік мұра саналатын табиғи нысан Шарк-Бей шығанағынан тапқан. Осы уақытқа дейін ғалымдар аталған шалғын өсімдіктердің мыңдаған түрінің жиынтығы деп есептеп келген.

Алайда қазір австралиялық мамандар оның шын мәнінде генетикалық тұрғыдан бір өсімдік екенін алға тартып отыр. Шалғын 180 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, бұрын оның ауданы бұдан да үлкен болған. Дауыл пен теңіз толқыны кесірінен уақыт өте кішірейіп қалған.