Вакцинацияланғандардың арасында көз жұмғандардың орташа жасы 85-ті құрапты.
ERNUR.KZ. Италияның ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері бірқатар ауруларға шалдыққан егде жастағы адамдар COVID-19-ға қарсы вакцинадан көз жұмуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Stan.kz.
Зерттеушілер 2021 жылдың 1 ақпанынан 5 қазанына дейін италиялықтардың коронавирустан көз жұмғаны туралы деректерді талдаған. Осы кезеңде 38 мың адамның өмірін ауру жалмаған. Оның 33,6 мыңы екпе алмаса, 2 130 адам вакцинаның бірінші дозасын салдырған немесе вакцинациядан кейін көп ұзамай, ауру жұқтырған, ал 1 440 адам толық екпе алған.
Вакцинацияланғандардың арасында көз жұмғандардың орташа жасы 85-ті құрапты. Олар – көбіне беске жуық созылмалы ауруға, атап айтсақ, жүрек ауруы, қатерлі ісік және деменцияға шалдыққандар. Коронавирустан көз жұмған, екпе салдырмағандардың орташа жасы 78-ді құраған.
Осылайша, COVID-19-дан көз жұму қауіпі созылмалы аурулары бар өте егде жастағы адамдардың арасында жоғары. Дегенмен вакцина салдырған кәрі адамдар егілмегендерге қарағанда аурудан жиі аман қалады, дейді ғалымдар.