​Гонконг АҚШ-қа тауар жөнелтуін тоқтатты

0
155

Бұл шешім құжаттарды жіберуге ешқандай кедергі келтірмейді.


​Гонконг АҚШ-қа тауар жөнелтуін тоқтатты

Фото: www.rbc.ru

ERNUR.KZ. Нongkong Post АҚШ-қа бағытталған тауарлары бар сәлемдемелерді қабылдауды тоқтатады, деп жазады inform.kz.
– АҚШ бұған дейін 2 мамырдан бастап Гонконгтан өз еліне пошта жөнелтілімдері үшін де minimis бажсыз режимді тоқтататынын және Америка Құрама Штаттарына тауарларды тасымалдайтын поштаға баж салығын арттыратынын мәлімдеген, - деп хабарлады Hongkong Post.
Осыған байланысты елдегі пошта қызметі 16 сәуірден бастап Америка Құрама Штаттарына жіберілетін жерүсті пошта жөнелтілімдерін қабылдамайды. Ал әуе поштасына келетін болсақ, қабылдау 27 сәуірден бастап тоқтатылады.
Айта кетейік, бұл шешім құжаттарды жіберуге ешқандай кедергі келтірмейді.