Google Play-ден қауіпті вирус табылды

0
756

Мамандардың айтуынша, бұл вирус гаджетке еніп, қаржылық деректерге қол жеткізуге, гаджет иесінің шоттарын бақылауға және рұқсат етілмеген транзакцияларды жасауға тырысады.


Google Play-ден қауіпті вирус табылды

ERNUR.KZ. Google Play платформасында Xenomorph атты қауіпті вирус табылды. Бұл туралы ThreatFabric ақпараттық қауіпсіздік компаниясының ресми блогы мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

mir24.tv сайтының жазуынша, Xenomorph қазірдің өзінде 50 000-нан астам электронды құрылғыны зақымдап үлгерген.

Мамандардың айтуынша, бұл вирус гаджетке еніп, қаржылық деректерге қол жеткізуге, гаджет иесінің шоттарын бақылауға және рұқсат етілмеген транзакцияларды жасауға тырысады. Вирус операторлары жиналған барлық ақпаратты мүдделі тұлғаларға сатады.

Xenomorph сонымен қатар SMS хабарламаларын бұғаттап, басқа мобильді қолданбалардың терезелерін блоктай алады және пайдаланушы әрекеті туралы ақпаратты жинайтын көрінеді.

Сарапшылар атап өткендей, Xenomorph коды басқа банктік код – Alien торянына ұқсас. Бұл екі вирусты да бір адамның әзірлегенін білдіруі мүмкін.