Арадағы келісім аяқталғаннан кейін Twitter жеке компанияға айналады.
ERNUR.KZ. Америкалық бизнесмен Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін 44 миллиард долларға сатып алды, деп жазады ulysmedia.kz.
Енді арадағы келісім аяқталғаннан кейін Twitter жеке компанияға айналады.
Акционерлер Twitter-дің әрбір қарапайым акциясы үшін 54,20 доллар алады.
“Мен Twitter-ді бұрынғыдан да жақсартқым келеді. Twitter-де үлкен мүмкіндік бар — мен оны ашу үшін компаниямен және пайдаланушылар қауымдастығымен жұмыс істеуді асыға күтемін”, — деді Илон Маск.