Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

0
736

Зерттеу нәтижелері Nature Medicine журналында жарияланды.


Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін – зерттеу

ERNUR.KZ. Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирустық инфекцияны өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Хабар24.

Зерттеу нысаны ретінде Австралияға келген Қытайдың Ухань қаласының 47 жастағы тұрғыны алынды. Кейін әйел адам коронавирустың белгілері – әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел және қызудың көтерілуімен ауруханаға түскен. Науқаста оған дейін патологиялық аурулар мен жаман әдеттер болмаған.

Ауруханада науқасқа антибиотиктер немесе вирусқа қарсы препараттар берілмеді. Дәрігерлердің қабылдаған жалғыз шарасы ағзадағы су балансын сақтау үшін тамырға сұйықтық енгізу болды.

Нәтижесінде науқас екі аптадан кейін толық жызылып кетті. Одан алынған қан талдауының нәтижелері иммундық жүйенің жасушаларының өсуін көрсетті, бұл организмнің әдеттегі маусымдық тұмауға қарсы реакциясы.