Индонезияда коронавирус жұқтырған екі адам анықталған.
ERNUR.KZ. Индонезия коронавирус жұқтырғандарды елсіз Галанг аралына орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Хабар24.
Бұған дейін Индонезияда коронавирус жұқтырған екі адам анықталған болатын.
Тьяджантоның айтуынша, Галанг аралында коронавируспен ауыратын науқастарды орналастыру үшін 1979-1996 жылдары Вьетнамнан келген босқындарға арналған лагерь ретінде пайдаланылған бірнеше ғимарат бар.
Сонымен қатар аурухана карантин орталығы ретінде жұмыс істейтін болады.