Индонезия жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
166

Әзірге құрбандар мен материалдық залал туралы ақпарат түскен жоқ.


Индонезия жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Индонезияның Сулавеси аралының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Сейсмикалық оқиға UTC уақыты бойынша 00:51-де тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Модисе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде, ал тереңдігі 10 шақырымды құрады.

Әзірге құрбандар мен материалдық залал туралы ақпарат түскен жоқ.