iPhone 12-нің дизайны таныстырылды

0
1 231

Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын 2020 жылдың қыркүйегінде ұсынбақ.


iPhone 12-нің дизайны таныстырылды

ERNUR.KZ. Жаңа iPhone 12 смартфонының моделін жасаушылар оның макетін дайындап, алдыңғы модельдерден несімен ерекшеленетінін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбаны жапондық Macotakara сайты жариялады.

Инсайдерлер 12-ші iPhone корпусының бейнесін жасап, оны 3D принтерімен басып шығарған. Сарапшылардың пікірінше, iPhone 12-ның сыртқы бейнесі басқа Apple смартфондарынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Алайда айырмашылықтар бар. Мысалы iPhone 11-дегідей дөңгелек жақтаулар тегіс болады.

Сондай-ақ жаңа смартфон Face ID, үш камера және Lightning қызметтерін сақтап қалады.

Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын 2020 жылдың қыркүйегінде ұсынбақ.