Пандемия кезіндегідей, компания іс-шараны онлайн трансляцияда көрсететіні айтылды.
ERNUR.KZ. Apple 7 қыркүйекте жаңа құрылғыларды таныстыру шарасын өткізуді жоспарлап отыр, - деп жазады Tengrinews.kz.
iPhone 14 смартфондары мен басқа да жаңа өнімдерді ұсынатын Apple компаниясының іс-шарасы туралы бірінші болып Bloomberg хабарлаған болатын. Басылым аноним дереккөздерге сілтеме жасады.
Пандемия кезіндегідей, компания іс-шараны онлайн трансляцияда көрсететіні айтылды.
Іс-шарада iPhone 14, iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондары, Apple Watch-тің үш жаңа моделі және жаңа iPad таныстырылады деп күтіледі.
iPhone 14 қыркүйектің ортасында сатылымға шығады деген болжам бар. Кейбір Apple Store қызметкерлеріне 16 қыркүйекке дайындалуға кеңес берілген.