Оларға жәрдемақының тоқтайтыны жайлы SMS жолданған.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Джорджи Мелони мыңдаған отбасыға және «жұмысқа жарамды» деп танылған адамдарға жәрдемақы төлеуді тоқтатады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Италия бойынша шамамен 169 мың отбасы шілде айының соңында келесі айда олар соңғы төрт жылда алған жәрдемақыларының тоқтайтыны туралы SMS-хабарлама алды.
Құрамында мүгедектері, кәмелетке толмағандары немесе 65 жастан асқан адамдары жоқ барлық отбасыға берілетін жәрдемақылар арнайы бағдарлама аясында берілген. Жәрдемақыны табысы төмен адамдар, сондай-ақ жұмыссыздар ай сайын алған.
Әлеуметтік төлемдер бағдарламасын 2019 жылы бес жұлдызды қозғалыс (M5S) партиясының мүшесі Джузеппе Конте енгізді.
Маусым айында Италияда жұмыссыздық деңгейі 7,4% - ға дейін төмендеді, ал елде жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 23 млн 590 мың адамды, +0,3% құрады. Оң динамикаға қарамастан, Италиядағы жұмыссыздық деңгейі Еуропалық Одақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып қала береді, 2023 жылдың маусымындағы жағдай бойынша жұмыссыздықтың орташа деңгейі 5,9% құрайды.