Израиль Газа секторына шабуылды бастады

0
677

Әскери операцияға ұшақтар мен тікұшақтар, танкілер мен артиллерия жұмылдырылды.


Израиль Газа секторына шабуылды бастады

ERNUR.KZ. Израиль әскері Газа секторына әуеден және құрлықтан шабуылын бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Ресми ақпаратқа сенсек, әскери операцияға ұшақтар мен тікұшақтар, танкілер мен артиллерия жұмылдырылды.

Алайда Израиль әскері Газа аумағына кірмей шабуылды өз аумағынан жасап жатыр. Ал ХАМАС қозғалысы Израильдің оңтүстігіндегі Ашдод пен Ашкелон қалаларына ондаған зымыран атты. Газа секторының билігі ұрыстың нәтижесінде қаза тапқандардың саны 103 адамға жеткенін хабарлайды. Олардың 27-сі бала.

Қазір ауруханалардағы жансақтау бөлімдерінде орын тапшылығы байқала бастады. Дәрігерлер шұғыл емес операцияларды кейінге қалдырып жатыр. Израиль билігі болса, ХАМАС-ты бейбіт тұрғындар тұратын жерге шабуыл жасап жатыр деп айыптайды. Ал әлем елдері қақтығысқан қос тарапты сабырға шақырып, атыс-шабысты тоқтатуды сұрайды. Жуырда Египет билігі екі жақпен келіссөздер жүргізгенімен еш нәтиже шықпады.