Израильмен қақтығыстан 9 палестиналық көз жұмды

0
1 254

​Израиль билігі мен палестиналықтар арасындағы дау ушығып барады. Соңғы деректерге қарағанда, қос тараптың қақтығысынан 9 палестиналық ажал құшты,-деп хабарлайды 24.kz сайты​.


Израильмен қақтығыстан 9 палестиналық көз жұмды

Израиль билігі мен палестиналықтар арасындағы дау ушығып барады. Соңғы деректерге қарағанда, қос тараптың қақтығысынан 9 палестиналық ажал құшты,-деп хабарлайды 24.kz сайты .

Олар Израиль полициясымен қақтығыс кезінде мерт болды. Тағы жүздеген адам жараланған. Ресми Тель-Авивтің мәлімдеуінше, әскерилер тәртіпке бағынбай шектен шыққандарға оқ атуға мәжбүр болған. Жергілікті құқық қорғау ұйымдарының дерегі бойынша, ереуілге 17 мыңдай адам қатысты. Айта кетейік, палестиналықтар жыл сайын 30 наурызда шекараға келіп «Жерімізден айырылған күн» деп ереуіл өткізеді. Сонымен қатар 1976 жылы израильдіктермен қақтығыс кезінде қаза тапқан алты азаматты еске алады. Олар Тель-Авивтің Палестина жерін басып алуына қарсы шеру кезінде көз жұмған. Бұл ереуілдер халықаралық қауымдастықтардың назарын Палестина мен Израильдегі қақтығыс себептеріне аударуды көздейді. Өйткені тарихта бірнеше соғыс кезінде жеңіліс тапқан палестиналықтар бас сауғалап, туған жерінен айырылған. Бүгінде сол босқындардың саны ұрпақтарымен қосқанда 5 миллионға жуықтады. Олар сол кезде Израиль басып алған жерлерін қайтарып алуға ниетті. Исмаил Ханийе, ХАМАС жетекшісі: - Бұл наразылық акциялары алдын ала жоспарланып, барлық саяси партиялармен мақұлданған. Заманауи әрі бейбіт мақсатты ұстанады. Осы арқылы әлем халқына әділетсіздік пен басқыншылықтың орын алғанын көрсетіп, оны тоқтатуға үндейді.