«Калькулятор-қыз» бен «радар-қыз» ел мақтанышына айналды

0
2 243

ERNUR.KZ. Манижа Тошболатова жүріп бара жатқан көліктің жылдамдығын көзбен дәл есептеп, «радар-қыз» атауын иемденген.


«Калькулятор-қыз» бен «радар-қыз» ел мақтанышына айналды

«Калькулятор-қыз» атанған тәжікстандық Манижа Тошбулатова Ресейдің «Наука» арнасында болатын «Сверхспособности» бағдарламасына қатысып, әділқазылар алқасын таң қалдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ca-news (tj)-ге сілтеме жасап.

15 жасар қыз сарапшыларды өзінің есептеу әдісімен таңдандырды. Оның дұрыс есептеп жатқандығын тексеру үшін үш тапсырма берілген. Керемет нәтиже көрсеткен Манижа сыннан сүрінбей өтті.

Айта кетейік, мұнан бұрын душанбелік екі оқушы қыз Манижа Тошболатова мен Есуман Исмонзада «Россия 1» арнасының «Удивительные люди» телешоуында жылдам есептеу қабілеттерімен көзге түскен болатын. Телешоудан соң Есуман Исмонзада «калькулятор-қыз» атағына ие болса, Манижа Тошболатова жүріп бара жатқан көліктің жылдамдығын көзбен дәл есептеп, «радар-қыз» атауын иемденген.

Тәжістан президенті екі қызды да «Ел мақтанышы» деп атап, басқа оқушыларды олардан үлгі алуға шақырды.