Камчаткада тікұшақ апатынан 22 адам қаза тапты (видео)

0
226

Өңірде қаралы күн жарияланды.


Камчаткада тікұшақ апатынан 22 адам қаза тапты (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Камчатка аймағында тікұшақ апатынан барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапты, деп жазады stan.kz.

Өңірде қаралы күн жарияланды.

"Тікұшақтың қирау сипатына қарағанда, бортта аман қалғандар жоқ", – делінген БАҚ хабарламасында.

Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов 3 қыркүйекті аза тұту күні деп жариялады.

Оның айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Олар Мәскеу, Камчатка және Пермь өлкелерінің, Липецк және Амур облыстарының, Удмуртия мен Бурятияның тұрғындары.

"Алдын ала мәлімет бойынша, борттағылардың барлығы қаза тапты", – деді аймақ басшысы.

Камчаткада 31 тамызда жоғалып кеткен Ми-8 тікұшағының қалдықтары табылды. Тікұшақтың сынықтары экипаж соңғы рет байланысқан жерден анықталған. Кейін құтқарушылар оқиға орнынан 18 адамның мәйітін тапты.