Канада 890 адам маймыл шешегін жұқтырғанын растады

0
603

Канада Ұлттық микробиологиялық зертханасы маймыл шешегін тудыратын вирусқа диагностикалық тест жүргізеді.


Канада 890 адам маймыл шешегін жұқтырғанын растады

ERNUR.KZ. Канада қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде 890 адам маймыл шешегін жұқтырғанын растады, деп жазады ҚазАқпарат.

Вирусты жұқтырғандар Онтарио провинциясында – 423, Квебекте – 373, Британдық Колумбияда – 78, Альбертте – 13, Саскачеванда – 2 және Юконда 1 тіркелді.

Канада Ұлттық микробиологиялық зертханасы маймыл шешегін тудыратын вирусқа диагностикалық тест жүргізеді. Сонымен қатар зертхана геном тізбегін анықтап, маймыл шешегінің канадалық үлгілеріне кеңейтілген талдау жасайды.

Канада үкіметі «Imvamune» вакцинасының 70 мыңнан астам дозасын сатып алды және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық бағынысты ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады