Канада вакцинаның бір бөлігін кедей елдерге таратады

0
934

Пандемия басталғалы бері Канадада 311 мың адам вирус жұқтырған.


Канада вакцинаның бір бөлігін кедей елдерге таратады

ERNUR.KZ. Канада премьер-министрі Коронавирусқа қарсы вакцина әлемнің барлық еліне тез және әділ таратылуы керек деп есептейді, деп жазады baq.kz.

Канада билігі коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды кедей елдерге беруді қарастырып отыр. Бұл туралы 18 қараша күні Reuters хабарлады.

Вакцинаны беру халықаралық вакцинаны сатып алу алаңы болып саналатын COVAX Facility халықаралық қоры арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ Канада билігі дозалардың бір бөлігін дәрі-дәрмектерді гуманитарлық көмек ретінде тарататын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы да таратуды жоспарлап отыр.

Канада елдің бір тұрғынына шаққанда вакцинаның әлемдегі ең көп мөлшерін сатып алды. Ел үкіметі бұған дейін AstraZeneca, Novavax, Johnson & Johnson, Pfizer, Moderna, Sanofi және GSK (GlaxoSmithKline) сияқты компаниялармен жаңа коронавирусқа қарсы вакцина жеткізуге келісімшарт жасасқан. Жалпы Канада болашақ вакцинаның 300 миллионнан астам дозасын сақтап қалды.

Пандемия басталғалы бері Канадада 311 мың адам вирус жұқтырған. Олардың 11 мыңы қайтыс болды, 248 мыңы емделіп шықты.