Канададағы әскери базада жарылыс болды

0
593

Жарылыс салдарынан алты жарақаттанған адамға сол жерде медициналық пунктте көмек көрсетілген, тағы үшеуі тұрақты жағдайда ауруханаға жатқызылды, бір адам ауыр жарақат алып, санавиация ауруханасына жеткізілген.


Канададағы әскери базада жарылыс болды

ERNUR.KZ. Канадада әскери базада жарылыс болып, 10 адам зардап шекті, деп жазады Tengrinews.kz.

Ванкувердегі Comox қарулы күштері базасының өкілі капитан Брэд Литтлдің айтуынша, жарылыс Тынық мұхиты уақытымен сағат 9-да пайдаланылмаған ғимаратта болған.

Жарылыс салдарынан алты жарақаттанған адамға сол жерде медициналық пунктте көмек көрсетілген, тағы үшеуі тұрақты жағдайда ауруханаға жатқызылды, бір адам ауыр жарақат алып, санавиация ауруханасына жеткізілген.

Бұл ретте қолбасшысы міндетін атқарушы подполковник Майк Джульетта жарылыс болған ғимарат қирағанын, ал жақын жерде орналасқан база ұшақтары зақымданбағанын айтты.

Әзірге жарылыстың себебі хабарланған жоқ.