Дене бітіміне көңіл бөлетін ер адамдарда жағымсыз қасиет көп болып шыққан.
ERNUR.KZ. Артық салмағы бар ер адамдар ең жақсы әке болады, деп жазады sputniknews.kz.
АҚШ-тың Оңтүстік Миссисипи университетінің ғалымдары 800-ге жуық адамның қатысуымен зерттеу жүргізді. Оларға түрлі салмақтағы ер адамдардың суреті көрсетіліп, жағымды және жағымсыз қасиеттерін атау ұсынылды.
Қатысушылар ер адамның оң қасиетіне балаға үй жұмысын істеуге көмектесу, үйретіп, қауіп төнген жағдайда қорғай алуын жатқызды.
Ал тез ашулану, дөрекі болу сынды тұстары жағымсыз екенін атап өтті.
Зерттеуге сәйкес, артық салмағы бар адамдар мейірімді және адал екені анықталды. Ал дене бітіміне көңіл бөлетін ер адамдарда жағымсыз қасиет көп болып шықты. Олар отбасына емес, өзіне көп көңіл бөледі.
Алайда тым артық салмақ жинаған ер адамдарға да аса сенім білдірілмей отыр. Олар жауапсыз екені алға тартылды. Соның салдарынан жақсы әке бола алмайды деген болжам жасалды.