Кәсіби "арамтамақ" қызметін атқарған жігіт миллионерге айналды

0
2 576

Жігіт ақшаға демалып, тамақ ішуге, қарапайым кеңестер беруге дайын екендігін мәлімдеген.


Кәсіби

ERNUR.KZ. Жапонияда кәсіби "арамтамақтықпен" айналысып келген азамат миллионер атанды, деп жазады nur.kz.

Токио тұрғыны Седзи Моримото 37 жаста. 2018 жылдың жазында ол кәсіби "жатыпішер" ретінде жұмыс істеуге әзір екенін жалпақ жұртқа жария етеді. Ол ақшаға демалып, тамақ ішуге, қарапайым кеңестер беруге дайын екендігін мәлімдеген.




Оның бір реттік қызметі 10 мың йенаны құрайды. Екі жарым жыл ішінде Моримото 3 мың тапсырысты орындап үлгерген. Яғни, ол 30 миллион йена (шамамен 122 млн теңге) тапты.



Барлығы Twitter-дегі хабарламадан басталған.


"Мен өзімді кәсіби арамтамақ ретінде жалға ұсынамын. Сізге дүкенге жалғыз бару қиын ба? Командада бір ойыншы жоқ па? Сіздің орныңызды қарауылдап отыратын біреу керек пе? Менің қолымнан ешнәрсе келмейді, тек қарапайым істерді атқара аламын", - деп жазды ол.



Жазба ерекше қызығушылық тудырып, көпшілік оған тапсырыстар бере бастаған. Бүгінде Моримото өзінің жұмысы туралы кітап жазып шығарып, танымал блогер атанған.

Шоджидің қызметтеріне негізінен жалғызбасты адамдар және сөйлесуге мұқтаж жандар жүгінеді. Жапондық ер адам клиенттерімен бірге саябақта көбелектерді аулап, ажырасуға арыз жазып, ауруханаға барған.

Бірде Моримотоны кісі өлтіруші жалдап, өзінің жасаған қылмысы үшін өкінетінін айтып, жігітке шерін тарқатыпты.


"Мен олардың ешқайсының досы немесе танысы емеспін. Сондықтан жалғыздықтан зардап шегетін адамдардың жағдайын жеңілдетуге көмектесе аламын", - дейді ол.


Седзидің қызметіне күніне кемінде 3-4 адам жүгінеді екен. Моримото бүгінде үйленген. Кәсіби "жатыпішер" атанғанға дейін ол баспада жұмыс істеген. Оның физика саласында ғылыми дәрежесі бар.