Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

0
1 096

Дәрігерлер 12 жасар қыз бен жаңа туған ұлы өзін жақсы сезінуі үшін қолдан келгенін жасаған.


Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

ERNUR.KZ. Украинаның Ровно қаласында қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды, деп жазады Stan.kz.

Портал мәліметінше, жас босанған қыз Закарпатье облысынан келген.

«Пациент түнгі сағат 2:10-да қоқыс үйіндісінен жедел жәрдеммен жеткізілді. Таңғы сағат 7:10-да босанды. Ол сәбиін табиғи жолмен өмірге әкелді», - дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Виктория Еникеева.

Өз сөзінде ол перзентхана қызметкерлері мұндай жағдаймен алғаш рет ұшырасқанын атап өтті.

Белгілісі, жас ана жүктілігі бойынша есепте тұрмаған. Дәрігерлер 12 жасар қыз бен жаңа туған ұлы өзін жақсы сезінуі үшін қолдан келгенін жасады.