Көлігінің жүксалғышынан мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

0
885

Сол күні Санкт-Петербург маңындағы тасжолда Mitsubishi Galant көлігі жол шетіндегі қоршауға соғылған.


Көлігінің жүксалғышынан мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

ERNUR.KZ. 21 қарашада Ленинград облысында болған жол апаты кезінде жантүршігерлік оқиға мәлім болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сол күні Санкт-Петербург маңындағы тасжолда Mitsubishi Galant көлігі жол шетіндегі қоршауға соғылған. Көлік соғылған кезде оның жүк салғышынан адамның басы мен омыртқа сүйегі түсіп қалған.

Үш күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, кейін олар жедел іздестіру жұмыстары кезінде ұсталған. Олар көлік жөндеу орнының 50 жастағы қожайыны Аркадий Казинянның мәйітін алып бара жатқан. Ол қайтыс болғанға дейін достарымен бірге ішімдік ішкен екен.

Жауап алу кезінде ұсталғандардың бірі мұндай қылмысты алғаш рет жасап тұрмағанын айтқан. Ол соңғы рет адам өлтіргенде тіпті етін жеген. Яғни каннибализмді мойындаған.

23 жастағы Егор Комаров былтыр қыркүйекте 38 жастағы биржа брокеріне пышақпен шабуыл жасап, кейін тілін қалай пісіргенін айтып берді және көрсетті.

"Тіл қайнаған кезде дәмін көрдім, бірақ ұнамады. Мүмкін, денесінің басқа бөлігі болса ұнауы мүмкін еді", - дейді ұсталған адам.

Жергілікті БАҚ жағдайды Квентин Тарантино мен Ганнибал Лектор туралы фильмдермен салыстырды.