Коронавируспен он күн ауырған адам, он жылға қартаяды

0
1 192

Коронавирус адам ағзасын жылдам қартаюға әкеледі.


Коронавируспен он күн ауырған адам, он жылға қартаяды

ERNUR.KZ. Он күн ауырған адам он жылға қартаяды. Бұл туралы Ломоносов атындағы ММУ-дің жетекші ғылыми маманы, молекулярлы биолог Максим Скулачев айтты, деп жазады baq.kz.

Егер сіз вакцина алмаған болсаңыз және коронавируспен ауырған жағдайда, онда алдағы он жылда сіздің денсаулығыңызда болатын өзгерістер мен сырқаттарды он күннің ішінде сезінесіз. Бұл жылдам қартаюға ұқсайды,-дейді Максим Скулачев Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, дәл осы фактор егде жастағы адамдар арасында коронавирустан өлім-жітім деңгейінің жоғары болуына себепші: олардың көпшілігіне алдағы он жылда өмір сүру жазылмаған.

Сондай-ақ молекулярлы биолог коронавирусқа байланысты жоғалған жылдарды дәрігерлер қайтара алатынын мәлімдеді.

COVID-19 адамдардың қартаюын жылдамдатқанымен, оны кері қайтаруға болады. Мәселен, коронавирустан кейінгі синдром қарттықтың кенеттен басталуына ұқсас, бірақ адамдар одан емделіп кетуі мүмкін. Қазір нақты айту ертерек, дегенмен сіз одан жазылып шықсаңыз ерте қартаюды баулатуға болады,-дейді биолог.

Дәрігердің айтуынша, вакцина алған адамдар жылдам қартаюға бейім емес, өйткені мұндай науқастарда ауру жеңіл түрде өтеді.

14 желтоқсанда Федеральды медициналық-биологиялық агенттігінің жетекшісі Вероника Скворцова Ресей ғылым академиясының жалпы жиынында коронавирус адам ағзасының қартаюға тән қайта құрылымдалуын жеделдететінін мәлімдеген еді.

Қазір әлемнің өзге елдеріндегідей Қазақстанда да коронавирусқа қарсы вакцина халыққа тегін салынып жатыр.