Күннің бетінде пайда болған шұңқыр магнитті дауыл тудырады

0
632

Astranews ресурсының ақпараты бойынша, бұл – Күннен анықталған алып көлемді екінші шұңқыр.


Күннің бетінде пайда болған шұңқыр магнитті дауыл тудырады

ERNUR.KZ. Күн бетінде жаңа шұңқыр пайда болды, оның көлемі Жерден 20 есе үлкен. Ол бүгін-ертең болатын магнитті дауылға себеп болмақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Astranews ресурсының ақпараты бойынша, бұл – Күннен анықталған алып көлемді екінші шұңқыр. Көлемі Жерден 30 есе үлкен алғашқы ойық 23 наурызда анықталды.

Күннің рентгенін жасаған НАСА күн динамикасы обсерваториясы зерттеулеріне сәйкес, шұңқырдан шыққан плазма ағыны сағатына 2,9 млн шақырым жылдамдықпен қозғалып келеді және Жерге 31 наурызда немесе 1 сәуірде жетеді. Мұндай құбылыс кезінде күшті күн желі мен магнитті дауылдар болады. Бірақ, болжам бойынша, плазма ағынының көп бөлігі біздің ғаламшарымызды айналып өтетіндіктен, магнитті дауыл қатты сезілмейді.

Айта кетсек, магнитті дауыл спутник байланысында іркіліс туындатып, метеосезімтал адамдардың ауруы асқынуы мүмкін.

Жалпы, 2023 жылдың наурызында бірнеше магнитті дауыл – 4, 12, 19 тіркелді. Айды қорытындылайтын бұл дауылдың қуаты орташа болады.

Дәрігерлер магнитті дауыл күндері таза ауада көбірек уақыт өткізуге, дұрыс тамақтанып, әсіресе созылмалы және жүрек қан-тамыр аурулары бар адамдарға денсаулығын мұқият бақылауға шақырады.