Құны 1 млрд еуро тұратын ханшайымның әшекейлері қолды болды

0
1 003

Ұрлық болардың алдында ғана музейге жақын жерде өрт болып, ауданда электр қуаты өшірілген.


Құны 1 млрд еуро тұратын ханшайымның әшекейлері қолды болды

ERNUR.KZ. Германияның Дрезден қаласындағы «Алтын қор» музейінен саксон ханшайымының аса құнды әшекей-бұйымдары ұрланды, деп жазады Skifnews.kz.

Екі ұры музейге баса-көктеп кіріп, бірінші қабаттағы терезенің тор көзін арамен кесіп, витринада тұрған әшекей-бұйымдарды қолды еткені бейнекамераға түсіп қалған. Қарақшылар жеңіл көлікке мініп, ізін суытқан.

Полиция бірнеше минутта оқиға орнына жетіп келді. Ұрлық болардың алдында ғана музейге жақын жерде өрт болып, ауданда электр қуаты өшірілген. Полицияның айтуынша, қылмыскерлер осы арқылы тәртіп сақшыларының назарын аударып, музейдегі дабыл жүйесін өшірген болуы мүмкін.

Тарихи маңызы зор болғандықтан, әшекей-бұйымдардың құнын дөп басып айту қиын. Бірақ, "Bild" газетінің жазуынша, 1 миллиард еуроға жуық шығын келген. «Алтын қор» - Дрезденнің танымал музейлерінің бірі. Оның көрме залдарында 3 мыңнан астам жәдігер сақтаулы тұр.