Құпияға толы кратердің сыры ашылды

0
1 824

Ғалымдар Сібірде кратердің пайда болу құпиясын ашты


Құпияға толы кратердің сыры ашылды

ERNUR.KZ. 2014 жылдың шілдесінде Ямал түбегіндегі құпияға толы кратер криожанартаулық белсенділіктен пайда болған. Ресейлік ғалымдардың осыған байланысты зерттеу жұмыстары Scientific Reports журналында жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұндай құбылыстар басқа ғаламшарларда кездеседі. Криожанартаулар өте төменгі температурада су мен түрлі агрегаттық күйдегі метан мен аммиак сияқты бірқатар химиялық қосындыларды бөліп шығарады.

Белгісіз кратерді 2014 жылдың шілдесінде Бованенково мұнай өндіру базасынан 30 шақырым қашықтықта Ямалдағы Бованенково мұнай-газ кен орнына қызмет көрсететін тікұшақтың ұшқыштары тапқан.