Жергілікті тұрғындар оның денесін кеше сағат 19.10-да тапты.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Жалал-Абад облысының ауылдарында сел салдарынан 300 үйдің тұрғыны эвакуацияланды, деп жазады inform.kz.
Елдің ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір күн бұрын сағат 17.30-да Ноокен ауданына қарасты Ескі-Қошқор-Ата, Бостон ауылдарында қатты жаңбырдан кейін лай көшкіні түскен.
Құтқарушылар, полицейлер, жедел жәрдем бригадалары, азаматтық қорғау қызметкерлері оның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Табиғи апаттан 10 жасар бала қаза тапты.
Жергілікті тұрғындар оның денесін кеше сағат 19.10-да тапты.