Олар балалар мен бір мұғалім.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті. Қайғылы оқиғадан кейін зардап шеккендер саны артты. Бұл туралы Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Қайғылы оқиға мәдени шара кезінде болған. Мектеп оқушылары "Манас" дастанынан үзінді оқып, қойылым көрсетіп жатқан. Оқиға кезінде "Портер" жүк көлігі төменге қарай жүріп кетіп, балаларды қағып кеткен.
Порталдың мәліметінше, зардап шеккендердің саны 32 адам болды. Олар балалар мен бір мұғалім.
Созақта мектеп оқушыларын соғып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Портал ақпараты бойынша, оқиға орнына Ішкі істер министрі Ұланбек Ниязбеков барған. Бұл іс оның жеке бақылауында болады.
Назар аударыңыз! Бұл бейнені сезімтал адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды.
Еске салайық, бұған дейін Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы жайлауда балмұздақ тиеген фургон 29 оқушыны қағып кеткенін хабарлаған. Олардың жетеуі реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр.