Қырғызстанда депутат пен күзетшінің төбелесі видеоға түсіп қалған

0
397

​Оқиға көлік тұрағынан шығаберісте болған.


Қырғызстанда депутат пен күзетшінің төбелесі видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Қырғызстанда Жогорку Кенеш (парламент) депутаты Чынгыз Ажибаев көлік тұрағында күзетшімен төбелесіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға көлік тұрағынан шығаберісте болған. Депутат күзетшіні қағып кете жаздайды, сәйкесінше ол бұл туралы бірдеңе деген көрінеді. Осыдан кейін жүргізуші көліктен түсіп, ер адамға шабуыл жасаған.

Төбелескендер ажыратылған. Бірақ Ажибаев жанжалды шешілді деп есептемейді. Ол милиция шақырып, күзетшінің үстінен арыз жазған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Ажибаевтың арызын қабылдаған. Күзетші талап қоюдан бас тартты. Кейін депутат қарсы арыз жазып, сауда орталығының қызметкеріне қатысты талаптардан бас тартқан. Іс тоқтатылды.

Оқиға 21 маусымда сағат 15:00 шамасында болған. Ал видео Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдарында 4 шілдеде пайда болды.

Чынгыз Ажибаев төбелес болғанын растады.

"20 күн бұрын Бішкектегі сауда орталықтарының бірінен шығып бара жатып, сол жерде тұрған күзетшілермен жанжал шықты", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Депутаттың айтуынша, күзетші әдепсіз сөздер айттқан.

"Көлікте кішкентай балам мен әйелім бар еді. Мен олардың алдында ұятқа қалып, құр қол отыра алмадым. Мен көліктен түсіп: "Көліктен ары кет дедім". Ол бірден белімнен ұстап, жерге құлатты", - деп ол оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті.

Ажибаев өз эмоциясын ұстай алмай, қате үлгі көрсеткені үшін қырғызстандықтардан кешірім сұрады.

Ол жанжалдың шешілгенін, полицияға берген арыздары кері қайтарылғанын, тараптардың бір-біріне талап-арызы жоқтығын растады.