Қырғызстанда бір айдың көлемінде бір литр бензин 4 сом, дизель 6 сом болады.
ERNUR.KZ. 20 қаңтарда Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті Қанатбек Эшатов осылай болжады, деп жазады centralasian.org.
Оның айтуынша, қаңтарда Ресейдегі жанармай зауыттары бензиннің бір тоннасын 110 доллардан, дизельдің тоннасын 130 доллардан сатып жатыр, жанармай бағасы Қырғызстанда да қымбаттайды.
Эшатовтың айтуынша, мұнай өнімдерін Қазақстаннан тасу мүмкін емес, өйткені көрші ел экспортқа тыйым салды.
2020 жылы бензен мен дизель отынының бағасы 20 сомға өскен.
Қырғызстан мұнай өнімдерінің 95 пайызын Ресейден импорттайды. Жыл сайын Қырғызстан 1,3-1,5 млн тонна жанармай тұтынады.