Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
ERNUR.KZ. Бүгін Ош қаласында Ақ-Буура өзені жағадан шықты. Салдарынан орталық базарды, Озгур және Толойкон ауылдарын су басты. "Борубай Ата" демалыс аймағынан азаматтар эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Толойкон ауылындағы "Мол-Бұлақ" демалыс орнында 4 адамды сел суы ағызып кеткені туралы ақпарат түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша олардың барлығы бір отбасының мүшелері: Д. Н. 1980 жылы туған (әйел адам), қыздары М. 2005 ж.т., М. 2014 ж.т., С. 2018 ж.т.
Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.