Арнайы қызмет басшысы түнде іссапардан оралғанын, ал таңертең «жеке» деген жазуы бар ішінде флешка салынған пакетте қоқан-лоққы көрсетілген хат алғанын айтты.
Фото: Откурбек Рахманов
ERNUR.KZ. Бұл туралы тілшілермен өткен брифингте Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Арнайы қызмет басшысы түнде іссапардан оралғанын, ал таңертең «жеке» деген жазуы бар ішінде флешка салынған пакетте қоқан-лоққы көрсетілген хат алғанын айтты. Жолдаудың мәтіні Мемлекет басшысына баяндалды.
Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша құрамына ҰҚМК, ІІМ, Бас прокуратура кірген тергеу тобы құрылып, тергеу амалдары басталды.
«Флешкада маған және менің отбасыма белгілі бір шарттарды орындауды талап ететін қоқан-лоққы бар. Қандай да бір арнайы қызметтердің жұмыс әдісі анық көрініп тұр, арнайы қызметкерге криминалдық авторитеттер мен олигархтар қомақты ақша төледі», - деді Қ.Ташиев.
ҰҚМК төрағасының мәлімдеуінше, ол ұйымдасқан қылмыстық топтарға, қылмыскерлерге және т.б. қарсы күресті бастаған кезде мұндай қауіптердің болуы мүмкін екенін білген.
«Олар таразының бір жағына мені, отбасымды және жақындарымды, ал екінші жағына өз тілектерінің орындалуын қойды. Маған қалайша қысым жасалып, осы жолдан тайдыруға мәжбүр ететінін білдім. Әрине, бұл болмайды. Сендерден қорықпаймын. Керісінше менен қорқып жүріңдер! Мен өзімнің жеке мақсаттарым үшін емес, қарапайым халықтың игілігі үшін, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күресе бастадым. Әрине, сендерді ұсынған миллиондаған долларды алмағаным ашуландырды. Менімен келісе алмағандарына ызалысыңдар. Біздің елде болмайдарыңды білесіңдер. Қылмыскерлер, ұйымдасқан қылмыстық топтар, олигархия болмайды. Мені құртсаңдар, бәрі қайта оралады. Бәлкім, маған зиян тигізерсіңдер, бірақ мен тірі болғанша біле жүріндер, мен бұл жолдан қайтпаймын. Бұл адамдарға қарсы күрес жалғасып келеді. Еліміз азат, заңға бағынатын, дамыған, демократиялық мемлекет болады. Басқа елдерден қалмайық. Бізге кедергі жасайтындар бар, бірақ экономикада ілгерілеушілік бар. Бұл аздық етеді, бұл бастамасы ғана», – деді Қ.Ташиев.
Еске сала кетсек, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа 2 рет, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиевке 5-6 рет қастандық жасамақ болғандардың жолы кесілді.