Қытай 8 қаңтардан бастап туристер үшін карантинді алып тастайды

0
527

Туристерге ұшудан 48 сағат бұрын COVID-19 ПТР-сынамасын тапсыру қажет.


Қытай 8 қаңтардан бастап туристер үшін карантинді алып тастайды

ERNUR.KZ. Қытай 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап елге шетелден келетін туристер үшін карантинді тоқтатады. Бұл туралы елдің Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қытайға келген адамдар кетерден 48 сағат бұрын ПТР-сынағынан өтуі керек. Теріс нәтиже болған жағдайда олар ҚХР - ға елшіліктен немесе консулдықтан денсаулық кодын сұрамай-ақ кіре алады», - делінген хабарламада.

Қазір Қытайға келушілер орталықтандырылған карантинде бес күн және үйде үш күн оқшаулануы керек.
Желтоқсан айының ортасында Қытайда коронавирус ауруының жаңа өсімі басталды.