Ресейдегі қақтығысты ЕО мен АҚШ Ресейдің ішкі мәселесі деп те атады.
ERNUR.KZ. Қытай Ресейдегі дауды елдің ішкі мәселе деп есептейді және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын ретке келтіруді қолдайды. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Евгений Пригожиннің бастауымен болған оқиғаларға қатысты ұстанымын айтты, деп жазады baq.kz.
“Бұл Ресейдің ішкі мәселесі. Жаңа дәуірде достық көрші және жан-жақты стратегиялық үйлестіру серіктесі ретінде Қытай Ресейді ұлттық тұрақтылықты қамтамасыз етуде және даму мен өркендеуде қолдайды, - делінген министрлік хабарламасында.
Ресейдегі қақтығысты ЕО мен АҚШ Ресейдің ішкі мәселесі деп те атады.
Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин 24 маусымда бірнеше мемлекеттің басшысына бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті. Бірақ Қытай басшысы Си Цзиньпин немесе Батыс елдерінің басшылары олардың арасында болмады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, президент Джо Байден Путинмен байланысуға тырыспаған, бірақ АҚШ әкімшілігінің кейбір мүшесі ресейлік әріптестерімен байланыста болған.