Қытайда коронавирусқа қарсы қатаң шектеулерге наразылық күшейіп келеді

0
493

Үрімжідегі 10 адамның қазасына байланысты толқулар Шанхайдан басқа қалаларда да болды.


Қытайда коронавирусқа қарсы қатаң шектеулерге наразылық күшейіп келеді

ERNUR.KZ. Шанхайда өткен сенбі күні Үрімжіде өрттен қаза тапқандарды еске алу шарасының соңы шерулерге ұласты, деп жазады 24.kz.

Үрімжідегі 10 адамның қазасына байланысты толқулар Шанхайдан басқа қалаларда да болды. Тұрғындар қатаң шектеу шараларын жеңілдетіп, жаппай тестілеу мен міндетті карантинді тоқтатуды талап етіп отыр. Үрімжі қаласында өрт 24 қарашада болды.

Кейбіреулер оқиғаны ковид шектеулерімен байланыстырады. Бірақ билік өртенген үйдің тұрғындарына шектеу қойылмағанын айтады. Қайғылы жағдайдан кейін тамыздан бері қатаң карантинде болған Үрімжіде шектеулер алына бастады. Көлік, теміржол, әуе қатынасы біртіндеп қалпына келіп жатыр. Қытайда 4 күннен бері коронавирус бой бермей тұр. Бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны соңғы 3 жылдағы көрсеткіштен асып түскен.