Қытайда нөсер жауыннан 7 мыңнан астам адам шұғыл эвакуацияланды

0
488

Табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.


Қытайда нөсер жауыннан 7 мыңнан астам адам шұғыл эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан 7 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Провинцияның Су шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сенбі күнгі сағат 8:00-ден бастап жексенбі күнгі 8:00-ге дейін Сычуань провинциясының солтүстік-шығыс бөлігі, соның ішінде Бачжун, Наньчун және Дачжоу қалаларында нөсер жауын жауып, жолдарды су басқан, жергілікті бірнеше өзенде су мөлшері жоғары деңгейден асып кеткен.

Табиғи апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.