Зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер бар.
ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігінің Синьчуа провинциясында болған орман өртін сөндіру кезінде 19 адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Зардап шеккендердің арасында 18 өрт сөндіруші мен оларға жол көрсеткен орман шаруашылығының қызметкері бар. Олардың барлығы сейсенбі күні түнгі сағат 2-де жел бағытының кенеттен өзгеруі салдарынан тілсіз жаудың қоршауында қалған.
Жергілікті фермада өрт дүйсенбі күндізгі сағат 15:51-де басталған және қатты жел салдарынан жылдам таралып кеткен, деп хабарлайды Сичан қаласының жергілікті ақпараттық бюросы.