Қытайға күшті торнадо соққы берді

0
889

Жойқын желдің салдарымен күрес жүріп жатыр.


Қытайға күшті торнадо соққы берді

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында торнадо соғып, 13 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дүлей желден әсіресе Телин қаласы мен Фусинь ауылы көп зардап шекті. 100-ге жуық үй бүлініп, өңірдегі ауыл шаруашылығына зор шығын келді.

Кей мекендерде электр желілері істен шығып, жарықсыз отыр. Қазір апат аудандарында торнадоның салдарымен күрес жүріп жатыр.